COVID-19 мәселелері жөніндегі Call-орталық: +7 (7152) 50-46-46    Жұмыс уақыты 08:00-ден 19:00-ге дейін
Петропавл қ., Васильев көш.,  123
E-mail: 2gorpol@med.mail.kz
Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі,
+7 (7152) 50-16-23. Жұмыс уақыты 08:00-ден 17:00-ге дейін

Дәрігерді үйге шақыру үшін көрсеткіш

Үйге шақыртуларға қызмет көрсету үшін мыналар көрсетілімдер болып табылады:

  1. пациентке өз бетінше МСАК ұйымдарына баруға мүмкіндік бермейтін жіті ауырсыну жағдайлары:

    дене қызуының 38 градус С-ден асуы;

    жай-күйінің айқын бұзылуы бар артериялық қысымның көтерілуі;

    қайта-қайта іштің өтуі;

    жүруді тежейтін омыртқаның және аяқ буындарының қатты ауырсынулары;

    бастың айналуы, жүректің қатты айнуы, құсу;

  2. пациенттің өз бетінше емханаға баруына мүмкіндік бермейтін созылмалы ауырсыну жағдайлары (онкологиялық аурулардың ауыр ағымы, (І - II топтағы) мүгедектік, сал ауруы, аяқ-қолдардың шала салдануы);

  3. айналасындағыларға қауіп төндіретін жіті инфекциялық аурулар;

  4. пациенттің тасымалданбауы;

 5. МСАК ұйымдарының жұмыс уақытында жедел медициналық жәрдем станциясынан берілген шақыртуларға қызмет көрсету.

МСАК ұйымдарының медицина қызметкерінің пациенттің үйіне, оның ішінде аула (пәтер) аралау арқылы белсенді баруы:

  1. жіті аурулар, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде оның жағдайын, ауру ағымын қадағалау және қажетті зерттеп-қарауларды және (немесе) емдеуді уақытылы тағайындау (түзету) мақсатында;

  2. инфекциялық ауру індетінің пайда болу қаупі орын алғанда немесе инфекциялық аурумен ауыратын науқастар айқындалған жағдайда халықтың жеке тобының, олармен байланыс жасаған немесе инфекциялық ауруды жұқтыру күдігі бар адамдардың патронажы кезінде жүзеге асырылады.

"Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды тіркеуді бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидалары

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2500036097

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ

Акушер гинеколог-дәрігері  – 2

Жалпы практика дәрігері – 10        

Педиатр-дәрігер  – 5

КДЗ дәрігері – 1, УДЗ дәрігері (балалар) - 1

Кардиолог-дәрігері  (балалар, ересектер) – 3

Офтальмолог-дәрігері (балалар, ересектер) – 2

Хирург –дәрігері (балалар, ересектер) – 2

Реабилитолог-дәрігер  – 2, ЛОР-дәрігері  (балалар) – 1, ЛФК дәрігері - 1

Невропатолог-дәрігері  (балалар, ересектер) -2

Травматолог-дәрігері  (балалар, ересектер) -1

Бактериолог-дәрігер  -1

Функционалдық  диагностикалық  дәрігер  - 3

    СҚО әкімдігінің  денсаулық сақтау басқармасы КММ "№ 2 қалалық емхана" ШЖҚ КМК жас мамандарын тарту үшін Қазақстан Республикасы университеттерінің қатысуымен Онлайн өткізілетін барлық конференцияларға қатысады, ЕҢБЕК сайтында хабарландырулар орналастырады, түлектермен жеке хабарласамыз және оларды емханаға жұмысқа шақырамыз.

    Сондай-ақ, жас мамандарды тарту үшін емхана 3 жыл ішінде тұрғын үйді жалға алу ақысын ай сайын 50.000 теңге мөлшерінде төлейді, 1 000 000 теңге мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді, учаскелік қызметке ай сайын ЖШЫК (Жан басына шаққандағы кешенді нормативтің ынталандырушы компоненті) төленеді, әр мерекеге бүкіл ұжымға сыйлықақы төленеді.

   «СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ жас мамандарға – тар бейінді  мамандарға 2 500 000 теңге, жалпы практика дәрігерлеріне 1 000 000 теңге көлемінде біржолғы жәрдемақы төлейді.

   Жіті тапшы тар бейінді мамандарға (акушер – гинекологтар, хирургтар, кардиологтар) - 4 000 000 теңге  төлейді.

 

    

  

  

 

"№2 қалалық емхана" ШЖҚ КМК 2023

Яндекс.Метрика