COVID-19 мәселелері жөніндегі Call-орталық: +7 (7152) 50-46-46    Жұмыс уақыты 08:00-ден 19:00-ге дейін
Петропавл қ., Васильев көш.,  123
E-mail: 2gorpol@med.mail.kz
Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі,
+7 (7152) 50-16-23. Жұмыс уақыты 08:00-ден 17:00-ге дейін



WhatsApp Image 2026 05 08 at 12.02.17

ТАҒАНИЯЗОВ Нұржан Миржанұлы — №2 қалалық емхананың директоры

Медициналық және басқарушылық білімі бар. 2011 жылы «Батыс Қазақстан медициналық колледжін», 2015 жылы «Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін», 2021 жылы «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ — түрік университетін» «Денсаулық сақтау саласындағы Менеджмент» мамандығы бойынша бітірген. 2024–2025 жылдары «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында» «Мемлекеттік басқару» бағыты бойынша оқудан өтті.

Еңбек жолын 2011 жылы салауатты өмір салтын қалыптастыру саласында бастаған. Кейінгі жылдары жастар саясаты, денсаулық сақтауды ұйымдастыру, Денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру және ақпараттандыру саласында жұмыс істеді.

2020 жылдан бастап «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасында» кәсіби қызметін жалғастырып, ана мен баланы қорғау бөлімінің бас маманы және басшысы лауазымдарын атқарды.

2023 жылдан бастап — «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» басшысының алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының жұмысы жөніндегі орынбасары. 2024 жылы «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» басшысының міндетін атқарды, содан кейін басшының орынбасары қызметін жалғастырды.

2024–2026 жылдары «Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау аудандық ауруханасын» басқарды.

2026 жылы «№2 қалалық емхана» директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

2026 жылдың тамыз айынан бастап — «№2 қалалық емхананың» директоры.

Кәсіби қызмет жылдары денсаулық сақтауды ұйымдастыру мен басқаруда, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамытуда, ана мен баланы қорғауда, саланы цифрландыруда және медициналық ұйымдарды басқаруда айтарлықтай тәжірибе жинақтады.

2025 жылы «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚБ «Үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

"№2 қалалық емхана" ШЖҚ КМК 2023

Яндекс.Метрика