COVID-19 мәселелері жөніндегі Call-орталық: +7 (7152) 50-46-46    Жұмыс уақыты 08:00-ден 19:00-ге дейін
Петропавл қ., Васильев көш.,  123
E-mail: 2gorpol@med.mail.kz
Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі,
+7 (7152) 50-16-23. Жұмыс уақыты 08:00-ден 17:00-ге дейін
  • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы


Маймыл шешегі

Маймыл шешегі (monkeypoxes – MPXV) – сирек кездесетін инфекциялық ауру.

Батыс Африка елдерінде таралған (Конго Демократиялық Республикасы, Конго Республикасы, Камерун, Орталық Африка Республикасы, Нигерия, Кот-д’Ивуар, Либерия, Сьерра-Леоне, Габон және Оңтүстік Судан). Африкадағы ауырған адамдар саны 2016 жылдан бастап жылдам өсуде, ресми деректер бойынша ауру 20 есе көбейген. Аурудың барынша үлкен өршулері Нигерия мен Конгода тіркелуде.

2022 жылғы 20 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Конгода жылдың басынан бері маймыл шешегінің 1,2 мың жағдайының тіркелгенін хабарлады. 58 адам қайтыс болған, өлім-жітім деңгейі 4,5 пайыз. Аурудың көп жағдайлары Санкуру (468), Чопо (169) және Экваторлық (168) және Чуапа (108) провинцияларында тіркелуде.

ДДҰ-ның алдын ала деректері бойынша әлемнің 14 елінде 110 жағдай тіркелген (Испания – 40, Португалия – 23, Ұлыбритания – 20, Бельгия – 4, Канада – 6, Германия – 4, Италия - 3, Австралия – 2, Нидерланд – 2, АҚШ – 2, Израиль – 1, Франция – 1, Швейцария – 1, Швеция – 1).

Инфекция көзі. Маймыл шешегі ауруының негізгі көзі – жабайы жануарлар: приматтар және кеміргіштер (тиіндер).

 Инфекция ауру жануардың қанымен немесе оның биологиялық сұйықтықтарымен байланыста болған кезде, сонымен бірге ауру жануардың етін жегенде жұғады.

Берілу жолдары.

  • Жабайы жануарлармен байланыста болу – приматтар (маймылдар) және кеміргіштер (тиіндер);
  • маймыл шешегі ауруымен ауыратын адаммен тығыз физикалық байланыста болу (вирус организмге зақымдалған тері, тыныс алу жолдары, көз, мұрын және ауыз арқылы, сондай-ақ биологиялық сұйықтықтар арқылы енеді).
  • ауа-тамшы жолымен (науқас адаммен жабық үй-жайда бірге болғанда) және терінің зақымдалуы арқылы немесе науқастың биологиялық сұйықтықтары бар заттарды ұстағанда жұғады.

Клиникалық көрінісі.

Инкубациялық кезеңі – 5 күннен 21 күнге дейін. Адамдардағы клиникасы – жоғары температура, дененің ауыруы, әлсіздік, бөртпе, құсу, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, бастың айналуы.

Аурудың ұзақтығы 2-3 апта, кездейсоқ өздігінен емделуі мүмкін.

Профилактика. Маймыл шешегінің ең жақын туысы – табиғи шешек 1980 жылы ДДҰ ұйымдастырған Ғаламдық вакцинацияның көмегімен жойылған. Осы жылдан бастап шешекке қарсы вакцинация тоқтатылды.

Ғалымдар табиғи шешекке қарсы вакцинаның қорғау әсерін дәлелдеді (АҚШ, Жапония, Еуропа және Ресейде тірі вакциналар бар (ACAM2000, LC16m8, IMVAMUNE, IMVANEX).

Шет елдерге шығатын адамдарға ұсынымдар.

Жазғы каникулдың және демалыс маусымының, басталуына байланысты мынадай кеңес береміз:

1) маймыл шешегінің өршуі тіркелген Батыс Африка елдеріне (Конго Демократиялық Республикасы, Конго Республикасы, Камерун, Орталық Африка Республикасы, Нигерия, Кот-д'Ивуар, Либерия, Сьерра-Леоне, Габон және Оңтүстік Судан) (әсіресе балалармен) бармауды ұсынамыз;

2) шет елдерге шыққан кезде жабайы жануарлармен (приматтармен, кеміргіштермен) байланыс жасамау, стихиялық және көше саудасы орындарында тамақ ішпеу, тамаққа тек термиялық өңделген етті (өнімдерді) пайдалану, адамдар көп жиналатын орындарға барған кезде жеке профилактика шараларын (қашықтықты, маскаларды, дезқұралдарды) пайдалану, қол және тыныс алу ағзаларының гигиенасын сақтаңыз.

3) Егер сапардан келгеннен кейін 3 апта ішінде ауырсынуды, температураны, бөртпені (қызару, көпіршіктер және т.б.) сезінсеңіз, міндетті түрде шет елде болғаныңыз туралы хабарлап, тез арада жақын жердегі медициналық ұйымға хабарласыңыз.

Қазақстандағы жағдай

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында маймыл шешегі ауруына күдікті жағдай тіркелген жоқ.

Мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылау орындалады. Мемлекеттік шекарада қашықтық термометриясы арқылы аса қауіпті ауруларға күдікті адамды анықтау (әкелудің алдын алу) бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

 Жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында.

"№2 қалалық емхана" ШЖҚ КМК 2023

Яндекс.Метрика