COVID-19 мәселелері жөніндегі Call-орталық: +7 (7152) 50-46-46    Жұмыс уақыты 08:00-ден 19:00-ге дейін
Петропавл қ., Васильев көш.,  123
E-mail: 2gorpol@med.mail.kz
Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі,
+7 (7152) 50-16-23. Жұмыс уақыты 08:00-ден 17:00-ге дейін
  • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы


1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күні

"Біз бұл әлемді балаларға  сыйлаймыз!"- осындай ұранмен "№2 қалалық емхана"ШЖҚ КМК Халықаралық балаларды қорғау күні өткізілді.

№ 2 қалалық емхананың филиалдарында, мектептерінде ашық есік күндері акциясы өткізілді. Дені сау бала бөлмесінде консультациялар, оқушылардың дұрыс тамақтануы, тамақтан улану, жіті ішек инфекцияларының алдын алу туралы бейінді мамандарды тарта отырып, ата-аналармен әңгімелер, жасөспірімдер арасында мерекелік бағдарламаны ұйымдастырумен және құттықтаулармен тренингтер өткізілді. Болашақ аналар үшін емшекпен емізуді қолдау бойынша әңгімелер, дәрістер өткізіледі, темекі шегудің, алкогольді тұтынудың, нашақорлықтың алдын алу бойынша денсаулық мектебінің жұмысы жандандырылды. Кәсіпорындарда "Өскелең ұрпақтың денсаулығы – болашақ Қазақстанның денсаулығы", "Отбасын жоспарлау", "Дене белсенділігінің денсаулық үшін маңызы" және т.б. тақырыптарда дәрістер, сұрақтар мен жауаптар сағаты, пікірталастар өткізу жоспарлануда. Барлық тілек білдірушілер салауатты өмір салты аспектілері бойынша ақпараттық-білім беру материалдарын алады, емханада тұрақты негізде профилактика бөлімшесінде дене белсенділігі, репродуктивті денсаулықты қорғау және салауатты өмір салты аспектілері мәселелері бойынша бейнероликтер көрсетіле отырып, денсаулық мектептері өткізіледі. Сонымен қатар, мектептерде сынып сағаттары, диктанттар, сурет байқаулары, спорттық іс-шаралар және т. б. ұйымдастырылды.

 

 
 
 
 
"№2 қалалық емхана" ШЖҚ КМК 2023

Яндекс.Метрика