COVID-19 мәселелері жөніндегі Call-орталық: +7 (7152) 50-46-46    Жұмыс уақыты 08:00-ден 19:00-ге дейін
Петропавл қ., Васильев көш.,  123
E-mail: 2gorpol@med.mail.kz
Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі,
+7 (7152) 50-16-23. Жұмыс уақыты 08:00-ден 17:00-ге дейін
  • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Профилактика артериальной гипертонии
Профилакика хронических неинфекционных заболеваний


Профилактика ОНМК (инсульт)
Профилакика хронических неинфекционных заболеваний

Профилактика ОКС
Профилакика хронических неинфекционных заболеваний

Профилактика рака шейки матки
Профилакика хронических неинфекционных заболеваний

Профилактика рака молочной железы
Профилакика хронических неинфекционных заболеваний

Профилактика сахарного диабета
Профилакика хронических неинфекционных заболеваний

Профилактика сахарного диабета
Профилакика хронических неинфекционных заболеваний

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI Кодексі

76-бап. Денсаулық сақтау саласындағы құқықтарды қамтамасыз ету кепілдігі

  1. Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматтарына:

1) медициналық көмекке тең қол жеткізуге;

2) медициналық көмектің сапасына;

3) дәрілік қамтамасыз етудің сапасына;

4) дәрілік заттардың қолжетімділігіне, тиімділігі мен қауіпсіздігіне;

5) аурулардың профилактикасы, саламатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыру бойынша іс-шаралар жүргізуге;

6) репродуктивтілікті таңдау еркіндігіне, репродуктивтік денсаулықты сақтауға және репродуктивтік құқықтарын сақтауға;

7) санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылыққа кепілдік береді.

  1. Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының азаматтарына олардың қандай да бір аурулары мен жай-күйлерінің болуына орай кемсітушілік пен стигматизацияның кез келген нысандарынан қорғауға кепілдік береді.

 

77-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары

  1. Қазақстан Республикасы азаматтарының:

1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға;

2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге;

3) дәрігер мен медициналық ұйымды еркін таңдауға;

4) пациент стационар жағдайында емделуде болған жағдайда емдік тамақ алуға;

5) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өз қаражаты, ұйымдардың, ерікті медициналық сақтандыру жүйесінің қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де көздер есебінен қосымша медициналық көмекке;

6) ақылы негізде медициналық және өзге де көрсетілетін қызметтерді алуға;

7) көрсетілімдер болған кезде бюджет қаражаты есебінен уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде медициналық көмек алуға;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық фактісін куәландыратын тиісті құжаттарды алуға және олардың берілуіне;

9) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және емдеуші дәрігерден олардың құзыреті шегінде аурудың профилактикасы, оны диагностикалау, емдеу және медициналық оңалту әдістері, клиникалық зерттеулер, мекендеу ортасының жай-күйін, еңбек, тұрмыс және демалыс жағдайларын қоса алғанда, денсаулыққа әсер ететін факторлар, дұрыс тамақтану мен тағамдық өнімдердің қауіпсіздігі туралы анық ақпаратты өтеусіз және тұрақты түрде алуға;

10) мемлекеттік органдардан, тәуелсіз сараптама ұйымдарынан және дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерден өткізілетін дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасы туралы ақпарат алуға;

11) медицина қызметкерінің құпиясын құрайтын мәліметтердің қорғалуына;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздеріне медициналық көмек көрсету кезінде денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы өз құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына;

14) медицина және фармацевтика қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағымдануға;

15) мемлекеттік медициналық сараптама қорытындыларымен келіспеген жағдайда, тәуелсіз сарапшыларды тарту туралы жоғары тұрған органдарға өтінішхат беруге;

16) донор ретінде әрекет ету мүмкіндігі туралы ерікті түрде ерік білдіруге;

17) қайтыс болғаннан кейін осы Кодексте айқындалған тәртіппен трансплантаттау мақсатында өздерінен тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзаның бөлігін) алуға келісу не алудан бас тарту туралы ерік білдіруге;

18) емделуге және басқа да медициналық араласуларды, оның ішінде профилактикалық екпелерді жүргізуге хабардар етілген келісім беруге немесе олардан бас тартуға;

19) бірлесіп төлеуге;

20) жазылмайтын созылмалы ауруларды емдеу кезінде ауырсынуды басатын ем алуға;

21) денсаулық жағдайы туралы ақпаратты, оның ішінде медициналық зерттеп-қарау нәтижелері, диагнозы туралы және аурудың болжамы, медициналық көмек көрсету әдістері, олармен байланысты тәуекел, медициналық араласудың ықтимал түрлері, оның салдарлары мен медициналық көмек көрсету нәтижелері туралы мәліметтерді қолжетімді нысанда алуға;

22) аурулардың профилактикасы туралы ақпаратты қоса алғанда, денсаулықты сақтауға ықпал ететін немесе оларға жағымсыз әсер ететін факторлар, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық, қоршаған ортаның жай-күйі, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам денсаулығы үшін ықтимал қауіптілігі, тамақтанудың ұтымды нормалары, өнімнің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі туралы анық және уақтылы ақпарат алуға құқығы бар;

23) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтары бар.

  1. Әйелдердің отбасын жоспарлау және өз денсаулығын сақтау мақсатында ана болу туралы мәселені шешуге және қаламаған жүктіліктің алдын алудың қазіргі заманғы әдістерін еркін таңдауға құқығы бар.

Азаматтардың ана болуды қорғау құқығы:

1) репродуктивтік жастағы әйелдерге медициналық қарап-тексерулерді жүргізумен, оларды динамикалық байқаумен және сауықтырумен;

2) әйелдердің репродуктивтік денсаулығына және науқас баланы күтіп-бағу бойынша стационарға түскен кезде баланың денсаулығына тікелей әсер ететін негізгі ауруларды медициналық көрсетілімдері бойынша емдеумен қамтамасыз етіледі.

 

78-бап. Балалардың құқықтары

  1. Осы Кодекстің 77-бабындакөзделген құқықтардан бөлек, әрбір баланың:

1) денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі заманғы және тиімді көрсетілетін қызметтері мен ауруларды емдеу және денсаулықты қалпына келтіру құралдарын пайдалануға;

2) денсаулықты сақтау саласында білім алуға;

3) профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге және динамикалық байқауға, емделуге, дәрілік қамтамасыз етілуге, сауықтырылуға және вакцина алуға;

4) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен сауықтыру және ұйымдастырылған демалыс кезеңінде медициналық көмек көрсетілуіне;

5) өзінің физиологиялық ерекшеліктеріне және денсаулық жағдайына сәйкес келетін және оған қолайсыз факторлардың әсерін болғызбайтын жағдайларда санитариялық-гигиеналық ағартуға, оқуға және еңбек етуге;

6) оқуға түсу және жұмысқа орналасу кезінде бекітілген жері бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық құжаттаманы тегін негізде алуға;

7) денсаулық жағдайы туралы ақпаратты өзіне қолжетімді нысанда алуға;

8) саламатты өмір салты мен дұрыс тамақтану туралы, темекі шегудің, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудың зияны туралы ақпаратты қолжетімді нысанда алуға;

9) репродуктивтік денсаулықты сақтау туралы ақпаратты қолжетімді нысанда алуға;

10) паллиативтік медициналық көмек алуға құқығы бар.

  1. Ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің келісімімен жүргізілетін хирургиялық араласуларды, жүктілікті жасанды үзуді қоспағанда, он алты жастағы және одан асқан кәмелетке толмағандардың профилактикалық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсетілуіне хабардар етілген келісуге немесе одан бас тартуға құқығы бар.
  2. Стационар жағдайында бес жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ дәрігерлердің қорытындысы бойынша қосымша күтімге мұқтаж естияр жастағы науқас балаларды емдеу кезінде анасына (әкесіне) немесе баланы күтіп-бағуды тікелей жүзеге асыратын өзге адамға медициналық ұйымда онымен бірге болу мүмкіндігі беріледі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ немесе анықтама беріледі.

Бір жасқа дейінгі баласын емізетін ана медициналық ұйымда баланы күтіп-бағу үшін болған бүкіл кезеңде тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.

  1. Бес жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ дәрігерлердің қорытындысы бойынша қосымша күтімге мұқтаж естияр жастағы науқас балаларды амбулаториялық және стационарды алмастыратын жағдайларда емдеу кезінде анасына (әкесіне) немесе баланы күтіп-бағуды тікелей жүзеге асыратын өзге адамға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ немесе анықтама беріле отырып, онымен бірге болу мүмкіндігі беріледі.
  2. Мектеп жасындағы балалардың стационар жағдайында мамандандырылған медициналық көмек, медициналық оңалту, сондай-ақ паллиативтік медициналық көмек алу кезеңінде уәкілетті орган білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп айқындаған тәртіппен үздіксіз білім алуға құқығы бар.

Балаларға медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары ойындар, демалыс және тәрбие жұмысын жүргізу үшін жағдайлар жасайды.

  1. Мүмкіндіктері шектеулі, АИТВ инфекциясын жұқтырған балалардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарында тегін медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау алуға құқығы бар.

АИТВ инфекциясын жұқтырған балалардың балалар үйлерінде және өзге де денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында болуға құқығы бар.

АИТВ инфекциясын жұқтырған аналардан туған балалардың белгіленген тамақтану нормаларына сәйкес, бейімделген тегін сүт қоспаларын алуға құқығы бар.

  1. Балаларды балалар үйіне және білім беру ұйымына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымға орналастыруға медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесінуәкілетті орган бекітеді.
  2. Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар үш жасты қоса алғанда, осы жасқа толғанға дейін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік медициналық ұйымдарда бола алады.

 

79-бап. Қазақстан Республикасының азаматтары мен отбасының ұрпақты болу құқықтарын қорғау саласындағы құқықтары

  1. Қазақстан Республикасының азаматтары:

1) репродуктивтілікті еркін таңдауға;

2) репродуктивтік денсаулықты сақтау және отбасын жоспарлау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді алуға;

3) өзінің репродуктивтік денсаулық жағдайы туралы анық және толық ақпарат алуға;

4) бедеуліктен, оның ішінде Қазақстан Республикасында рұқсат етілген репродуктивтіліктің қазіргі заманғы қосалқы әдістері мен технологияларын қолдана отырып емделуге;

5) қаламаған жүктілікті болғызбауға;

6) ана болу қауіпсіздігіне;

7) жыныстық жасушалардың, репродуктивтік ағзалар тіндерінің донорлығына;

8) контрацепция әдістерін пайдалануға және еркін таңдауға;

9) хирургиялық стерилизациялауға;

10) жүктілікті жасанды үзуге;

11) өздерінің репродуктивтік құқықтарының қорғалуына;

12) балалардың санына және олардың некеде немесе некесіз туу уақытына, туу арасындағы ана мен баланың денсаулығын сақтау үшін қажетті аралықтарға қатысты шешімді еркін қабылдауға;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жыныстық жасушаларды, репродуктивтік ағзалардың тіндерін, эмбриондарды сақтауға құқылы.

  1. Азаматтар өздерінің репродуктивтік құқықтарын жүзеге асыру кезінде басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауға міндетті.
  2. Азаматтардың медициналық көрсетілімдер бойынша отбасын жоспарлау, әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың болуы мәселелері бойынша, отбасы-неке қатынастарының медициналық-психологиялық аспектілері бойынша консультацияларға, сондай-ақ ұрпағындағы ықтимал тұқым қуалаушылық және туа біткен аурулардың алдын алу мақсатында медициналық ұйымдарда медициналық-генетикалық және басқа да консультациялар мен зерттеп-қарауларға құқығы бар.
  3. Жедел босандыру жағдайларын қоспағанда, әйелдің денсаулық жағдайы ескеріле отырып, оның келісімі болған кезде, босандыру ұйымдарында тиісті жағдайлар (жеке босану залдары) болған және әкесінің немесе отбасының өзге мүшесінің инфекциялық аурулары болмаған кезде баланың әкесіне немесе отбасының өзге мүшесіне бала туған кезде қатысу құқығы беріледі. Мұндай құқықты іске асыру өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
  4. АИТВ инфекциясын жұқтырған Қазақстан Республикасының азаматтарының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының басқа азаматтарымен тең дәрежеде балаларды асырап алуға құқығы бар.
  5. АИТВ инфекциясын жұқтырған Қазақстан Республикасының азаматтарының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қосалқы репродуктивтік әдістері мен технологияларын қолдануға құқығы бар.

 

80-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының міндеттері

Қазақстан Республикасының азаматтары:

1) өз денсаулығын сақтаудың қамын жасауға, жеке және қоғамдық денсаулықты сақтау мен нығайтуға ортақ жауаптылықта болуға;

2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар төлеуге;

3) профилактикалық медициналық қарап-тексерулерден, скринингтік зерттеулерден өтуге;

4) медицина қызметкерлерінің жеке және қоғамдық денсаулыққа қатысты тағайындауларын орындауға;

5) өз денсаулығын басқару процесіне, оның ішінде созылмалы аурулар бар болған кезде оларды басқару бағдарламаларына қатысуға, ауру мен оны емдеу әдістері, ықтимал тәуекелдер мен асқынулар туралы ақпарат алуға мүдделі болуға;

6) медицина қызметкерлеріне өз организмінің жеке ерекшеліктері туралы хабарлауға;

7) өз денсаулығы мен айналасындағылардың денсаулығын сақтау бойынша сақтық шараларын сақтауға, денсаулық сақтау субъектілерінің талап етуі бойынша зерттеп-қараудан және емделуден өтуге, медициналық персоналды айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекциялық және өзге де ауруларының өздерінде бар екендігі туралы хабардар етуге;

8) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын сақтауға міндетті.

АИТВ инфекциясын қоспағанда, айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратын Қазақстан Республикасының азаматтары зерттеп-қараудан және емделуден жалтарған жағдайда, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мәжбүрлеу тәртібімен куәландыруға және емдеуге тартылады.

 

83-бап. Қандастардың, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың және өзге де адамдардың құқықтары мен міндеттері

  1. Қандастардың, босқындардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей алуға құқығы бар.
  2. Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, баспана іздеген адамдардың, егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде уәкілетті орган айқындайтын тізбебойынша және көлемде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар.
  3. Қазақстан Республикасының аумағында жүрген қандастар, босқындар және баспана іздеген адамдар, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар денсаулық сақтау саласында Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей міндеттерді атқарады.

 

34-бап. Пациенттердің құқықтары

  1. Пациенттің осы Кодекстің 12-тарауындакөрсетілген құқықтардан басқа:

1) профилактика, диагностика, емдеу процесінде өзіне лайықты қарауына, өзінің мәдени және жеке басының құндылықтарына құрмет көрсетілуіне;

2) қандай да бір кемсітушілік факторларының ықпалынсыз, тек қана медициналық өлшемшарттар негізінде айқындалатын кезектілікпен медициналық көмекке;

3) шұғыл және кезек күттірмейтін көмек көрсету жағдайларын қоспағанда, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрігерді немесе медициналық көмек ұсынатын медициналық ұйымды таңдауға, ауыстыруға;

4) медициналық ұйымда аудио-, және (немесе) бейнебайқау және жазба жүргізілетіндігі туралы құлақтандырылуына;

5) медициналық технологиялардың қолда бар деңгейінің қаншалықты мүмкіндігі болса, сондай шамада дерт азабының жеңілдетілуіне;

6) өз денсаулығының жай-күйі туралы ақпарат (пациентке қолжетімді нысанда ұсынылатын және балама емдеу әдістерінің ықтимал тәуекелі мен артықшылықтары туралы деректер, емделуден бас тартудың ықтимал салдары туралы мәліметтер, диагноз, емдік іс-шаралардың болжамы мен жоспары туралы ақпарат, сондай-ақ оны үйіне шығару немесе басқа медициналық ұйымға ауыстыру себептерінің түсіндірмесі) және тәуелсіз пікір алуға және консилиум өткізілуіне;

7) көру және (немесе) есту қабілеттері бұзылған адамдар үшін қолжетімділік ескеріле отырып, өз құқықтары мен міндеттері, көрсетілетін қызметтер, ақылы көрсетілетін қызметтердің құны және бірлесіп төлеу мөлшері, олардың ұсынылу тәртібі; тағайындалатын дәрілік зат; өзіне медициналық қызметтер көрсететін медицина қызметкерлері туралы ақпаратты алуға;

8) оқу процесіне қатысудан, сондай-ақ емдік-диагностикалық емшаралардың жүргізілуі кезінде үшінші тұлғалардың қатысуынан бас тартуға құқығы;

9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтары бар.

  1. Пациенттің құқықтары туралы ақпарат медициналық ұйымдардың көрнекі үгіт орналасатын жерлерінде орналастырылады.
  2. Медициналық көмек медициналық көмек алуға пациенттің хабардар етілген келісімі алынғаннан кейін ұсынылады. Инвазиялық араласулар кезінде пациенттің хабардар етілген келісімі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жасалады.
  3. Пациент өз денсаулығының жай-күйі туралы ақпаратты хабарлау қажет болатын адамды тағайындай алады. Денсаулығының жай-күйі туралы ақпарат пациенттен оның денсаулығының жай-күйі ескеріле отырып, жасырылуы және пациенттің жұбайына (зайыбына), оның жақын туыстарына немесе заңды өкілдеріне хабарлануы мүмкін.
  4. Пациенттердің құқықтарын қорғауды мемлекеттік органдар, денсаулық сақтау ұйымдары, қоғамдық бірлестіктер өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.

 

135-бап. Пациенттердің міндеттері

  1. Пациент осы Кодекстің 12-тарауындакөрсетілген міндеттерден басқа:

1) өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға шаралар қолдануға;

2) медицина қызметкерлерімен қатынаста құрмет пен сабырлық танытуға;

3) ауруға диагноз қою және оны емдеу үшін қажетті барлық ақпаратты дәрігерге хабарлауға; медициналық араласуға келісім бергеннен кейін медицина қызметкерлерінің тағайындауын мүлтіксіз орындауға;

4) медициналық көмек алу кезінде медициналық ұйымның ішкі тәртіптеме қағидаларын сақтауға және мүлкіне ұқыпты қарауға, медицина персоналымен ынтымақтастықта болуға;

5) диагностика мен емдеу процесінде, сондай-ақ айналадағыларға қауіп төндіретін аурулар не оларға күдік туындаған жағдайларда, өз денсаулығы жай-күйінің өзгерісі туралы медицина қызметкерлеріне уақтылы хабарлауға;

6) басқа пациенттердің құқықтарын бұзатын әрекеттер жасамауға;

7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

  1. Пациенттердің осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген міндеттері стационарда ауру балаға күтімді тікелей жүзеге асыратын ата-анасына немесе өзге де адамдарға қолданылады.

Бөлімшенің атауы- СӨС алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімшелері.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру;

Осы бағдарламаның негізгі бағыттары:

1) адамдардың денсаулығы үшін таңдау;

2) қазіргі заманғы қоғамдық денсаулық сақтау қызметі;

3) МСАК деңгейінде денсаулықты жан-жақты қолдау болып табылады;

4) адами капиталды дамыту;

5) медициналық көмек көрсетуді жетілдіру;

6) денсаулық сақтаудың бірыңғай цифрлық кеңістігін құру;

7) жалпыға бірдей қол жеткізу үшін СМС іске асыру және ерікті медициналық сақтандыруды қолдау;

Денсаулық сақтау қызметтерімен қамту

8) медицина саласындағы инвестициялық ахуалды жақсарту;

9) денсаулық сақтаудағы тиімді басқару

Теріс әдеттердің алдын алу, салауатты өмір салтын жүргізуге ынталандыруды насихаттау және арттыру , халықтың денсаулыққа деген ойының өзгеруі;

Халықтың аурулар туралы, аурулардың алдын алу мүмкіндігі туралы хабардар болуын жақсарту.

Бөлімнің ерекшеліктері:

- Халықтың салауатты өмір салтын ұстануын қалыптастыру және қоғамдық денсаулық қызметін дамыту

-- Инфекциялық емес аурулардың (артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, глаукома,онкологиялық аурулар)қауіп факторлары бар науқастарды және адамдарды ерте анықтау

- Алдын алу іс-шараларын, скринингтерді ұйымдастыру және уақтылы жүргізу,қауіп факторлары бар адамдарды динамикалық бақылау

Денсаулық мектептерінің жұмысын ұйымдастыру

- Тіркелген халыққа әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және өткізу

- Психологиялық және әлеуметтік қолдауды ертерек анықтау және қамтамасыз ету

- Халық арасында  санитарлық ағарту жұмыстар жүргізу  (дәрістер, әңгімелесулер өткізу, көрнекі ақпараттарды ресімдеу, буклеттер, жадынамалар шығару және т. б.)

Бөлімшеде қанша дәрігер, фельдшер, мейірбике жұмыс істейді-1 дәрігер бөлім меңгерушісі.

 Бөлімше мейірбикелері барлығы -12.

ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САНАТЫ:

* жоғары біліктілік санаты бар-жоқ

* бірінші біліктілік санаты бар –жоқ

* санаты жоқ-1

Фельдшерлердің санаттылығы:

* жоғары біліктілік санаты бар-жоқ

* бірінші біліктілік санаты бар –жоқ

* санаты жоқ

Мейірбикелердің санаты:

* жоғары біліктілік санаты бар - 10

* бірінші біліктілік санаты бар -1

* санаты жоқ-1.

Еңбек өтілі 10 жылдан  жоғары-11

Еңбек өтілі 5 – 10 жылға дейін -1

Еңбек өтілі 3 - 5 жылға дейін -0

Еңбек өтілі 3 жылдан азы -0.

 

Аты-жөні: Нүркеев Руслан Айбасұлы

Лауазымы- СӨС алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің меңгерушісі.

Еңбек өтілі - 21 жыл

Санаты -жоқ

Байланыс телефондары: 8(705)1607206

Орналасқан жері-Васильев к-сі ,123

№60 Кабинет

 

Аты-жөні:  Атантаева Фарида Кабдуллиновна

Лауазымы: СӨС профилактикасы және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің аға мейірбикесі.

Еңбек өтілі - 21 жыл

Санаты-жоғары

Байланыс телефондары: 8(777)3380848

Орналасқан жері-Васильев к-сі,123

№72 кабинет.

 

 

Мектепке дейінгі білім беру бөлімшесі

Бөлімше қызметінің бағыты:

-- Балалар скринингін ерте анықтау.

- Профилактикалық егулерді және туберкулин диагностикасын жүргізу.

- Алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру және уақтылы жүргізу, қауіп факторлары бар адамдарды динамикалық бақылау;

- Денсаулық мектептерінің жұмысын ұйымдастыру;

- Психологиялық және әлеуметтік қолдауды ертерек анықтау және қамтамасыз ету.

- халық арасында  санитарлық ағарту жұмыстарын жүрргізу  (дәрістер, әңгімелесулер өткізу, көрнекі ақпараттарды ресімдеу, буклеттер, жадынамалар шығару және т. б.).

Бөлімнің ерекшеліктері:

Балаларға алғашқы көмек көрсететін 12 мектеп. МДББ бөлімінде 14 медбике және 1 фельдшер жұмыс істейді

Фельдшерлердің санаттылығы:

Фельдшер- 1 санаты жоқ

Медбикелердің санаты:

-жоғары біліктілік санаты бар - 1

- бірінші біліктілік санатымен -7

- санаты жоқ-7.

Еңбек өтілі 10 жылдан  жоғары-13

Еңбек өтілі 5 – 10 жылға дейін -0

Еңбек өтілі 3 - 5 жылға дейін -2

Еңбек өтілі 3 жылдан азы -0.

 

"№2 қалалық емхана" ШЖҚ КМК 2023

Яндекс.Метрика