Қуықасты безінің қатерлі ісігі — ер адамдар арасында жиі кездесетін онкологиялық аурулардың бірі. Ауру қуықасты безі жасушаларынан дамиды және көбінесе егде жастағы ер адамдарда кездеседі.
Кімдер қауіп тобына жатады?
🔹 50 жастан асқан ер адамдар;
🔹 Жақын туыстарында қуықасты безінің қатерлі ісігі анықталған ер адамдар;
🔹 Онкологиялық ауруларға тұқым қуалайтын бейімділігі бар адамдар.
Қандай белгілерге назар аудару керек?
Аурудың бастапқы кезеңінде ешқандай белгі байқалмауы мүмкін. Ауру асқынған кезде келесі белгілер пайда болуы ықтимал:
▪️ Әсіресе түнде жиі зәр шығару;
▪️ Зәр шығарудың қиындауы;
▪️ Зәр ағысының әлсіз немесе үзілісті болуы;
▪️ Қуықтың толық босамау сезімі;
▪️ Зәрде немесе шәуетте қанның болуы;
▪️ Жамбас, бел немесе сүйек аймағындағы ауырсыну.
Маңызды: бұл белгілер әрдайым қатерлі ісікті білдірмейді, алайда дәрігердің кеңесін қажет етеді.
Ауруды қалай анықтауға болады?
Дәрігер қуықасты безінің жағдайын бағалау үшін келесі тексерулерді тағайындауы мүмкін:
🔹 Қандағы ПСА (простата-спецификалық антиген) талдауы;
🔹 Урологтың тексеруі;
🔹 Көрсетілімдер бойынша қуықасты безінің УДЗ;
🔹 Қажет болған жағдайда МРТ және басқа зерттеулер.
Қауіпті азайту үшін не істеу керек?
✔️ Медициналық тексерулерден тұрақты өту;
✔️ Мазалайтын белгілер пайда болған жағдайда дәрігерге қаралу;
✔️ Әсіресе қауіп факторлары болған кезде ПСА талдауын тапсыру қажеттілігін дәрігермен талқылау;
✔️ Дене белсенділігін сақтау және салауатты өмір салтын ұстану.
Ер адамның денсаулығы — назар аударуды қажет етеді!
Дәрігерге қаралуды кейінге қалдырмаңыз. Ауруды ерте анықтау емді уақытында бастауға және қолайлы нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігін арттырады.

Служба поддержки пациентов и внутреннего контроля
