Ұйқыбез обыры — ерте кезеңдерінде айқын белгілерсіз өтуі мүмкін қауіпті онкологиялық аурулардың бірі. Сондықтан аурудың ықтимал белгілерін білу және денсаулықтағы өзгерістерге назар аудару маңызды.
🔬 Қандай белгілерге назар аудару қажет?
Ұйқыбез обыры кезінде келесі белгілер байқалуы мүмкін:
• Іштің жоғарғы бөлігіндегі және арқа тұсындағы ауырсыну;
• Терінің және көздің ағының сарғаюы;
• Несептің қоюлануы, нәжістің түссізденуі;
• Себепсіз салмақ жоғалту;
• Тәбеттің төмендеуі;
• Жүрек айну, құсу;
• Әлсіздік және тез шаршау;
• Терінің қышуы.
⚠️ Қауіп факторлары:
• Темекі шегу;
• Артық дене салмағы және семіздік;
• Созылмалы панкреатит;
• Қант диабеті;
• Тұқым қуалайтын бейімділік;
• Жас ұлғаюы.
Өзіңізді қалай қорғауға болады?
✅ Темекі шегуден бас тартыңыз.
✅ Дене салмағын қалыпты деңгейде ұстаңыз.
✅ Дұрыс тамақтану қағидаларын ұстаныңыз.
✅ Дене белсенділігін арттырыңыз.
✅ Денсаулықтағы тұрақты өзгерістерді елемеңіз.
✅ Қауіп факторлары болған жағдайда дәрігермен кеңесіңіз.
📌 Ұйқыбез обырының белгілері басқа ауруларда да кездесуі мүмкін. Сондықтан өздігінен диагноз қоймай, медициналық көмекке жүгіну қажет.
Ерте кезеңде ауруды анықтау емдеу мүмкіндіктерін арттыруы мүмкін.

Служба поддержки пациентов и внутреннего контроля
