г. Петропавловск, ул.Васильева, 123
Служба поддержки пациентов и внутреннего контроля
+7 (7152) 50-16-23. Приемная +7 (7152) 50-27-23


2026 жылғы 18–24 қараша аралығында Микробқа қарсы препараттарға төзімділік мәселесі туралы хабардарлықты арттыру жөніндегі дүниежүзілік апта өтеді.

Антибиотиктер бактериялық инфекциялармен күресудің маңызды құралы болып табылады. Алайда оларды дұрыс қолданбау және шамадан тыс пайдалану микробқа қарсы төзімділіктің дамуына әкеледі. Нәтижесінде бактериялар дәрілік препараттардың әсеріне төзімді болып, инфекцияларды емдеу қиындай түседі.

❗ АНТИБИОТИКТЕР ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА ҚАЖЕТ?

Антибиотиктер бактериялық инфекциялар кезінде және кейбір созылмалы аурулардың асқынуы жағдайында тек дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылады.

Есте сақтаңыз: антибиотиктер вирустарға әсер етпейді!

Қарапайым ЖРВИ, тұмау, мұрыннан су ағу, тамақ ауруы және жөтел кезінде бактериялық инфекцияны емдеуге нақты көрсетілімдер болмаса, антибиотиктер тағайындалмайды.

💊 АНТИБИОТИКТЕРДІ ДҰРЫС ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Не ІСТЕУ КЕРЕК:
🔹 Антибиотиктерді тек дәрігердің тағайындауы бойынша қабылдау.
🔹 Дәрігер белгілеген дозаны және емдеу курсының ұзақтығын сақтау.
🔹 Дозаны әсіресе балаларда жасына және дене салмағына қарай таңдау.
🔹 Препаратты дәрігер белгілеген уақыт аралығында қабылдау.
🔹 Препаратты сақтау және суспензияны дайындау жөніндегі нұсқаулықтарды орындау.
🔹 Суспензияны нұсқаулыққа сәйкес таза сумен дайындау.
🔹 Ем нәтижесі болмаған жағдайда дәрігерге қайта қаралу.

Не ІСТЕУГЕ БОЛМАЙДЫ:
🔸 Өзіңізге немесе балаңызға антибиотикті өз бетіңізше тағайындау.
🔸 Дәрігермен келіспей емдеу курсын тоқтату.
🔸 Дәрінің дозасын өздігінен арттыру немесе емдеу сызбасын өзгерту.
🔸 Алдыңғы емнен қалған антибиотиктерді қабылдау.
🔸 Өз дәріңізді басқа адамдарға беру.
🔸 Суық тию мен вирустық инфекциялардың алдын алу үшін антибиотиктерді қолдану.
🔸 Дәрілік препараттарды тағаммен және сусындармен бірге қабылдау жөніндегі нұсқаулықтарды ескермеу.

💚 Есте сақтаңыз! Микробқа қарсы препараттарды жауапкершілікпен қолдану – жұқпалы ауруларды емдеудің тиімділігін сақтауға әрқайсымыздың қосқан үлесіміз.

"№2 қалалық емхана" ШЖҚ КМК 2023

Яндекс.Метрика