Жыл сайын 17 қарашада бүкіл әлемде Халықаралық шала туған балалар күні аталып өтеді. Бұл күннің басты мақсаты — мерзімінен бұрын босану, шала туған нәрестелерді күту, олардың денсаулығы мен одан әрі дамуына қатысты мәселелерге қоғамның назарын аудару.
Жүктіліктің 37 аптасы аяқталмай дүниеге келген балалар шала туған болып саналады. Мұндай сәбилер ерекше күтімді, тұрақты медициналық бақылауды және мамандардың қолдауын қажет етеді.
💜 Неліктен бұл күннің символы — күлгін түс?
Күлгін түс үмітті, жанашырлық пен қолдауды білдіреді. Әлемнің көптеген елдерінде шала туған балалар мен олардың отбасыларына қолдау көрсету белгісі ретінде медициналық ұйымдардың ғимараттары күлгін түспен жарықтандырылады.
🤰 Мерзімінен бұрын босану қаупін қалай азайтуға болады?
Болашақ аналарға мынадай кеңестер ұсынылады:
Жүктіліктің ерте кезеңінде медициналық есепке тұру.
Акушер-гинекологқа тұрақты қаралып, қажетті тексерулерден өту.
Инфекциялық ауруларды уақытылы анықтап, емдеу.
Созылмалы ауруларды дәрігердің бақылауымен қадағалау.
Темекі шегу мен алкогольден бас тарту.
Дұрыс тамақтанып, ұйқы мен демалыс режимін сақтау.
Дәрілік препараттарды тек дәрігердің тағайындауы бойынша қабылдау.
Іштің толғақ тәрізді ауыруы, қанды бөліністер немесе қағанақ суының кету белгілері байқалған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну қажет.
Мерзімінен бұрын босанудың барлық жағдайының алдын алу мүмкін емес. Дегенмен жүктілік кезінде дәрігердің тұрақты бақылауында болу қауіп факторларын дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.
💜 Әрбір шала туған сәби салауатты болашаққа лайық!
Ата-ананың қамқорлығы, медицина қызметкерлерінің кәсібилігі, уақытылы медициналық көмек пен қоғамның қолдауы кішкентай сәбилердің өсіп-жетілуі үшін өте маңызды.

Служба поддержки пациентов и внутреннего контроля
