17 қараша күні Васильев көшесі, 123 мекенжайында КГП на ПХВ «№2 қалалық емхана» базасында Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күніне орай профилактикалық акция өткізілді.
Акция аясында келушілерге:
🔹 Артериялық қан қысымын өлшеу;
🔹 Бойы мен салмағын анықтау;
🔹 Қандағы глюкоза деңгейін тексеру;
🔹 Қант диабетінің даму қаупі факторларын бағалау;
🔹 Мамандардан кеңес алып, аурудың алдын алу бойынша ұсыныстар алу мүмкіндігі ұсынылды.
Сонымен қатар қатысушыларға қант диабетінің алдын алу жөніндегі ақпараттық парақшалар таратылды.
❤️ Есіңізде болсын: қауіп факторларын уақтылы анықтау, дұрыс тамақтану және дене белсенділігі 2-типті қант диабетінің даму қаупін төмендетуге көмектеседі.
Денсаулығыңызға қамқорлық жасауды кейінге қалдырмаңыз — аурудың алдын алуды бүгіннен бастаңыз!

Служба поддержки пациентов и внутреннего контроля
