г. Петропавловск, ул.Васильева, 123
Служба поддержки пациентов и внутреннего контроля
+7 (7152) 50-16-23. Приемная +7 (7152) 50-27-23


14 қараша – Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күніне орай, 17 қараша күні сағат 10:00-де «Қант диабетінің даму қаупіңді анықта!» атты профилактикалық акция өтеді.

📍 Өтетін мекенжайы: Петропавл қаласы, Васильев көшесі, 123.

Акция аясында тұрғындар тегін медициналық тексеруден өтіп, қант диабетінің даму қаупінің жеке факторларын анықтап, аурудың алдын алу бойынша мамандардан кеңес ала алады.

Акция бағдарламасы:

🔹 Артериялық қан қысымын өлшеу;

🔹 Антропометриялық өлшемдер (бойы, салмағы);

🔹 Қандағы глюкоза деңгейін анықтау;

🔹 Қант диабетінің даму қаупінің жеке факторларын бағалау;

🔹 Қант диабетінің алдын алу бойынша кеңес беру және тексеру нәтижелері бойынша мамандардың ұсынымдарын алу.

💙 Баршаңызды акцияға қатысуға шақырамыз!

Өз денсаулығыңызға қамқорлық жасауды кейінге қалдырмаңыз. Қауіп факторларын дер кезінде анықтау, тұрақты медициналық тексеруден өту және салауатты өмір салтын ұстану қант диабеті мен оның асқынуларының алдын алуға көмектеседі.

Бүгін өз қаупіңді анықта – ертеңгі денсаулығыңды ойла!

"№2 қалалық емхана" ШЖҚ КМК 2023

Яндекс.Метрика