Қант диабеті — қандағы глюкоза (қант) деңгейінің жоғарылауымен сипатталатын созылмалы ауру. Аурудың бастапқы кезеңінде айқын белгілер болмауы мүмкін, сондықтан денсаулықтағы өзгерістерге назар аудару маңызды.
Қант диабетінің негізгі белгілері:
🔹 Үнемі шөлдеу және ауыздың құрғауы.
🔹 Жиі зәр шығару, әсіресе түнде.
🔹 Тәбеттің жоғарылауы.
🔹 Дене салмағының себепсіз төмендеуі.
🔹 Тұрақты шаршау, әлсіздік және ұйқышылдық.
🔹 Көру қабілетінің нашарлауы.
🔹 Жаралар мен сызаттардың баяу жазылуы.
🔹 Тері және зәр шығару жолдарының инфекцияларының жиі қайталануы.
Осындай белгілер байқалса, не істеу керек?
1. Дәрігерге қаралу.
2. Қандағы глюкоза деңгейін тексеру.
3. Дәрігердің тағайындауы бойынша гликирленген гемоглобинге (HbA1c) талдау тапсыру.
4. Өздігінен емделмеу.
❗️Есте сақтаңыз: 2-типті қант диабеті ұзақ уақыт бойы айқын белгілерсіз өтуі мүмкін. Сондықтан қауіп факторлары бар адамдар үшін тұрақты тексеруден өту маңызды.
Өз денсаулығыңызға бейжай қарамаңыз! Қант диабетін ерте анықтау емді уақытында бастауға және асқынулардың алдын алуға көмектеседі.
КГП на ПХВ «№2 қалалық емхана» денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарауға және профилактикалық тексерулерден уақытылы өтуге шақырады.

Служба поддержки пациентов и внутреннего контроля
