Қант пен көмірсулар — күнделікті тамақтану рационының бір бөлігі. Олардың мөлшері мен тағам сапасы қандағы глюкоза деңгейін қалыпты ұстау үшін маңызды.
Қандай өнімдерде көмірсулар бар?
* 🍞 Нан және макарон өнімдері;
* 🍚 Күріш және жармалар;
* 🍎 Жемістер мен жидектер;
* 🥔 Картоп;
* 🥛 Сүт және кейбір сүт өнімдері;
* 🍬 Тәттілер, кондитерлік өнімдер және тәтті сусындар.
Дұрыс тамақтану жолдары:
✅ Тұтас дәнді өнімдерге басымдық беріңіз.
✅ Күнделікті ас мәзіріне көкөністерді қосыңыз.
✅ Қосылған қантты, тәттілер мен тәтті сусындарды шектеңіз.
✅ Көмірсуларды ақуыз және талшыққа бай өнімдермен бірге тұтыныңыз.
✅ Тағам мөлшерін бақылаңыз.
✅ Шырынның орнына тұтас жемістерді таңдаңыз.
Маңызды! Көмірсулардың барлығы зиянды емес. Ағзаға көмірсулар қажет, алайда құрамында тағамдық талшықтары көп, аз өңделген өнімдерге басымдық берген дұрыс.
Қант диабеті кезінде тағамдағы көмірсулардың жалпы мөлшерін ескеріп, қандағы глюкоза деңгейін бақылау маңызды.
💚 Дұрыс тамақтану — 2-типті қант диабетінің алдын алудың және ауруды бақылаудың маңызды бөлігі.
КГП на ПХВ «№2 қалалық емхана» тағам өнімдерін таңдауға саналы түрде қарауға шақырады.

Служба поддержки пациентов и внутреннего контроля
