Алкоголь — адам денсаулығына қауіп төндіретін маңызды факторлардың бірі. Оны тұтыну созылмалы аурулардың, жарақаттардың, психикалық және мінез-құлық бұзылыстарының дамуына, сондай-ақ алкогольге тәуелділіктің қалыптасуына әкелуі мүмкін.
📊 Алкоголь туралы сандар:
▪️ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметтері бойынша, әлемде жыл сайын алкогольді тұтынуға байланысты себептерден шамамен 2,6 миллион адам қайтыс болады.
▪️ Қазақстанда 2024 жылы 15 жастан асқан бір адамға шаққандағы алкогольді тұтынудың орташа жылдық көлемі шамамен 6,0 литр таза спиртті құрады.
Алкогольдің зияны қандай?
🔹 Бауыр және жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін арттырады.
🔹 Кейбір онкологиялық аурулардың пайда болу ықтималдығын жоғарылатады.
🔹 Жүйке жүйесіне, есте сақтау қабілетіне және психикалық денсаулыққа кері әсер етеді.
🔹 Жарақат алу, жазатайым оқиғалар және алкогольге тәуелділіктің қалыптасу қаупін арттырады.
💚 Денсаулығыңызды қалай қорғауға болады?
✔️ Алкогольдік ішімдіктерден бас тартыңыз.
✔️ Күйзелісті жеңу тәсілі ретінде алкогольді пайдаланбаңыз.
✔️ Дене белсенділігін арттырып, салауатты демалысты таңдаңыз.
✔️ Қажет болған жағдайда мамандардың көмегіне жүгініңіз.
Есте сақтаңыз: алкогольдің денсаулыққа қауіпсіз мөлшері жоқ. Одан бас тарту — денсаулықты сақтауға, отбасы амандығына және белсенді ұзақ өмір сүруге жасалған маңызды қадам.
Денсаулықты таңдаңыз! Алкогольсіз өмір — жарқын болашаққа бастайтын саналы таңдау!

Служба поддержки пациентов и внутреннего контроля
