Сіздерге №2 қалалық емхананың дәрігер-нефрологы Асханбек Ақбота Мейрбекқызын таныстырамыз.
🎓 Білімі
2019 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін тәмамдады.
2021 жылы «Жалпы дәрігерлік практика» мамандығы бойынша интернатураны аяқтады.
2024–2026 жылдары Астана медицина университетінде «Нефрология» мамандығы бойынша резидентурадан өтті.
💼 Кәсіби жолы
2021–2025 жылдары Петропавл қаласындағы №3 қалалық емханада жалпы практика дәрігері болып жұмыс істеді.
📍 Туған жері
Шымкент қаласынан.
💙 Қызығушылықтары
Бос уақытында отбасымен бірге уақыт өткізгенді, саяхаттағанды және жаңа жерлерді ашқанды ұнатады. Өзін-өзі дамытуға қызығушылық танытады, жаңа білім алуға, соның ішінде медицина саласындағы білімін жетілдіруге және кәсіби тұрғыда үнемі дамуға ұмтылады.
💙 Ақбота Мейрбекқызына кәсіби жетістіктер, жаңа белестер және жемісті еңбек тілейміз!
№2 қалалық емханаға қош келдіңіз! 💙

Служба поддержки пациентов и внутреннего контроля
