⚠️ Құтыру — орталық жүйке жүйесін зақымдайтын аса қауіпті жұқпалы ауру. Клиникалық белгілері пайда болғаннан кейін ауру көп жағдайда өліммен аяқталады.
Қазақстанда адамдар арасында құтыру ауруынан болатын өлім жағдайлары тіркелуде.
Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша:
2025 жылы адамдар арасында құтыру ауруының 3 жағдайы тіркелген.
2026 жылдың ағымдағы кезеңінде 2 жағдай тіркелген.
Барлық жағдайда зардап шеккен адамдар жануарлармен байланыстан кейін медициналық көмекке кеш жүгінген және құтыруға қарсы қажетті профилактика алмаған.
Құтыру ауруын жұқтыру қаупі тек иттер мен мысықтардың тістеуінен ғана емес, жабайы жануарлармен, соның ішінде жарғанаттармен байланыс кезінде де туындайды.
ҚҰТЫРУ АУРУЫ ҚАЛАЙ ЖҰҒАДЫ?
🔹 Жануар тістеген кезде.
🔹 Жануар тырнап, теріні зақымдаған кезде.
🔹 Ауру жануардың сілекейі зақымдалған теріге немесе шырышты қабаттарға түскен кезде.
ЖАНУАР ТІСТЕП НЕМЕСЕ ТЫРНАП АЛСА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Зақымдалған жерді дереу ағынды сумен және сабынмен кемінде 15 минут жуыңыз.
Жараның шеттерін антисептикпен өңдеңіз.
Жарақат жеңіл болса да, дереу медициналық ұйымға жүгініңіз.
Дәрігер тағайындаған құтыруға қарсы вакцинация курсынан өтіңіз. Көрсетілімдер болған жағдайда антирабиялық иммуноглобулин енгізіледі.
ҚАЛАЙ САҚТАНУҒА БОЛАДЫ?
✔️ Үй жануарларына құтыруға қарсы уақтылы вакцина салыңыз.
✔️ Қаңғыбас және жабайы жануарлармен байланыста болмаңыз.
✔️ Жарғанаттарға және басқа да жабайы жануарларға жақындамаңыз.
✔️ Балаларға жануарлармен қауіпсіз қарым-қатынас жасау ережелерін түсіндіріңіз.
❗ Есіңізде болсын! Ауру белгілерінің пайда болуын күтпеңіз. Медициналық көмекке уақтылы жүгіну және құтыруға қарсы профилактика жүргізу адам өмірін сақтап қалуы мүмкін!

Служба поддержки пациентов и внутреннего контроля
