🎀 10 қазанда № 2 қалалық емханада сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу және ерте анықтауға арналған Ашық есік күні өтті.
Іс-шара аясында әйелдер медицина мамандарынан кеңес алып, профилактикалық тексеруден және скринингтен өтті.
Кеңес берген мамандар:
🔹 дәрігер-онколог;
🔹 акушер-гинеколог дәрігері;
🔹 маммография кабинетінің медицина қызметкері;
🔹 әйелдер тексеру кабинетінің медицина қызметкері;
🔹 скрининг кабинетінің медицина қызметкері.
Іс-шара әйелдердің сүт безі ауруларының алдын алу, тұрақты тексеруден өту және ауруларды ерте анықтау маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыруға бағытталды.
💗 Денсаулыққа қамқорлық өзіңе деген назардан басталады!

Служба поддержки пациентов и внутреннего контроля
