г. Петропавловск, ул.Васильева, 123
Служба поддержки пациентов и внутреннего контроля
+7 (7152) 50-16-23. Приемная +7 (7152) 50-27-23


🎀 АШЫҚ ЕСІК КҮНІ
«Қызғылт қазан» — сүт безі обыры туралы хабардарлықты арттыру айлығы аясында №2 қалалық емхана әйелдерді Ашық есік күніне шақырады.
📅 10 қазан
⏰ 09:00–13:00
📍 Васильев көшесі, 123 мекенжайында:
- 👨‍⚕️ дәрігер-онколог;
- 🩻 маммография кабинеті;
- қарау кабинеті;
- скрининг кабинеті.
📍 Сәтпаев көшесі, 19 мекенжайында:
- 👩‍⚕️ дәрігер акушер-гинеколог.
Осы күні Сіз мамандардан кеңес алып, профилактикалық тексеруден өтіп, сүт безі обырының алдын алу және скринингтен өту туралы қажетті ақпарат ала аласыз.
🎀 Денсаулығыңызға қамқорлық жасауды кейінге қалдырмаңыз! Ауруды ерте анықтау — емді уақытылы бастаудың маңызды шарты.
Сіздерді 10 қазан күні сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін күтеміз!

"№2 қалалық емхана" ШЖҚ КМК 2023

Яндекс.Метрика