😷 МАСКА ТАҒУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ РЕСПИРАТОРЛЫҚ ӘДЕП
Құрметті пациенттер!
№2 қалалық емханада маска тағу тәртібі енгізілді.
😷 Емханаға келген кезде:
• медициналық маска тағу;
• маска мұрын мен ауызды толық жабуы тиіс;
• масканың сыртқы бетіне қол тигізбеу;
• бір реттік масканы ылғалданған немесе ластанған жағдайда уақытылы ауыстыру;
• масканы шешкеннен кейін қолды жуу немесе антисептикпен өңдеу қажет.
🤧 Респираторлық әдепті сақтаңыз:
• жөтелгенде немесе түшкіргенде ауыз бен мұрынды майлықпен немесе шынтақтың бүгілген жерімен жабу;
• пайдаланылған майлықты бірден қоқыс жәшігіне тастау;
• жөтелгеннен немесе түшкіргеннен кейін қолды сабынмен жуу немесе антисептик қолдану;
• ЖРВИ белгілері болған жағдайда адамдармен тығыз қарым-қатынасты шектеу;
• бөлмені үнемі желдетіп отыру.
Маска тағу тәртібі мен респираторлық әдеп ережелерін сақтау респираторлық инфекциялардың таралу қаупін азайтуға көмектеседі.
Түсіністік танытып, белгіленген талаптарды сақтағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!


Служба поддержки пациентов и внутреннего контроля
