Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Nur Otan"партиясының кезектен тыс ХХІІ съезінде сөйлеген сөзі Құрметті съезд делегаттары! Партия Төрағасы лауазымына кірісе отырып, мен оны түбегейлі қайта жүктеу жөніндегі өз көзқарасымды баяндадым. Өткен айда партия қызметінде елеулі өзгерістер қажет екенін көрсеткен үлкен талдау жұмыстары жүргізілді. Және бұл жерде жартылай шаралар жасай алмайды. Партияның ребрендингі - бұл оның атын, белгісін өзгерту ғана емес. Бірінші кезекте, партия жұмысын қайта құру керек. Бүгін партияны трансформациялау бойынша айтылған ұсыныстарды қолдаймын. Сонымен қатар, тағы да бірқатар басым міндеттерді атап өткім келеді.