COVID-19 мәселелері жөніндегі Call-орталық: +7 (7152) 50-46-46    Жұмыс уақыты 08:00-ден 19:00-ге дейін
Петропавл қ., Васильев көш.,  123
E-mail: 2gorpol@med.mail.kz
Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі,
+7 (7152) 50-16-23. Жұмыс уақыты 08:00-ден 17:00-ге дейін
  • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы


Қазақстанда денсаулықты сақтау аса маңызды мемлекеттік басымдық болып табылады. Медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету отандық денсаулық сақтау моделінің басты стратегиялық міндеті болып табылады.

"№2 қалалық емхана" ШЖҚ КМК-да тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде сапалы және қауіпсіз медициналық қызметтер алуға пациенттің құқықтарын қамтамасыз ету үшін пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі (ПҚжІБҚ) жұмыс істейді.

ПҚжІБҚ сауалнама жүргізу арқылы көрсетілетін медициналық көмектің сапасына халықтың қанағаттануын зерделеуді, пациенттердің барлық өтініштері бойынша "осында және қазір"қағидаты бойынша жедел шешім қабылдау мақсатында құзыретті медицина қызметкерлерінің шешім қабылдауын жүргізеді. Барлық проблемалық мәселелер кейіннен ішкі аудит нәтижелері бойынша көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын медициналық ұйымның басшылығына ұсына отырып, ПҚжІБҚ жанындағы медициналық қызметтердің сапасын басқару жөніндегі кеңеске шығарылады.

Пациенттің құқығын қорғау мақсатында №2 емханада:

* сенім телефоны -501618, ол бойынша медицина қызметкерлерінің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері туралы хабарлауға болады;

* Аты-жөнін және байланыс деректерін (телефоны, мекенжайы) көрсете отырып,

"Өтініштер мен ұсыныстарға арналған жәшіктер" жазбаша өтініш салуға болады.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету және көрсетілген медициналық қызметтерге қанағаттану, емхана медперсоналының этикасы мен деонтологиясын сақтау бойынша барлық сұрақтарыңызға тікелей хабарласуларыңызға болады:

  1. Сенім телефоны 500623;
  2. Пациенттерді және ішкі бақылауды қолдау бойынша директордың орынбасарына : 31-кабинеттер, телефон 501618;
  3. Директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасарына:, 45 кабинет, тел 502723;
  4. Балалар, акушерия және гинекология мектебі бойынша директордың орынбасарына , Сәтпаев көшесі, 3 мекен-жайындағы балалар емханасының корпусы, каб. 5 телефон,
  5. Директордың м.а. Жантасова Дәмелі Еспердіқызы кабинет 45, тел.502723.

Сіздің өтініштеріңіз бен тілектеріңіз Қазақстан Республикасының "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" 8 б. Заңына сәйкес міндетті түрде қаралатын болады. Өз ұсыныстарыңызды жазыңыз, хабарласыңыз және енгізіңіз, біз назарға аламыз, Халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін барлық күш-жігерімізді саламыз.

"№2 қалалық емхана" ШЖҚ КМК 2023

Яндекс.Метрика