«№ 2 қалалық емхана»
ШЖҚ КМК-нің ресми сайты

Мемлекеттік рәміздері

Телефон call center 504646

Prev Next
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж

Мақсаттар мен тапсырмалар

Емхананың негізгі тапсырмалары:

  1. Ересектер мен балаларға емхананың өзінде, үй жайында аумақтық принцип бойынша тіркелген халыққа алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету;
  2. Тіркелген халық арасында профилактикалық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу;
  3. Тіркелген халық арасында диспансерлік қадағалауды ұйымдастыру және іске асыру;
  4. Тіркелген халыққа санитарлық-гигиеналық тәрбие және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу.

Жүктелген тапсырмаларды орындау үшін, амбулаторлық жағдайда, үй жайында, күндізгі стационарға келгенде, үй жайындағы стационарда тіркелген халыққа білікті және арнайы көмекті емхана іске асырады және өзіне:

  1. Медициналық көмектің кепілді көлемі аясында қатты және созылмалы аурулар кезінде, жарақат, улану немесе басқа жедел жағдайларда пациенттерге дәрігерге дейінгі және шұғыл медициналық көмек көрсету;
  2. Ауруларды ерте анықтау мақсатымен пациенттерді тексеру;
  3. Пациенттерді емдеу;
  4. Стационарлық емді қажет етуші тұлғаларды ауруханаға жатқызу;
  5. «Емдеуге жатқызу бюросының порталы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 3 шілдедегі № 492 бұйрығына сәйкес пациенттерді ауруханаға жатқызуға жолдама беру (нормативтік құқықтық мемлекеттік тіркеу реестрінде №6380 тіркелген);
  6. Науқастарды қалпына келтіре емдеу;
  7. Диспансерлік және профилактикалық қаралулар;
  8. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 Бұйрығына сәйкес тіркелген халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
  9. Жұқпалы аурулар ошақтарында санитарлық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар өткізу;
  10. Науқастардың уақытша еңбекке жарамсыздық  сараптамасы, еңбекке жарамсыздығын тұрақты жою белгілері бар тұлғаларды Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық органдарына жіберу;
  11. Бұқаралық ақпарат құралдарын қолдана отырып, аурулардың алдын-алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы халық арасында түсініктеме жұмыстарын жүргізу;
  12. Халықты гигиеналық, соның ішінде отбасын сақтау, ана, әке және бала мәселелері бойынша оқу жұмыстарын жүргізу;
  13. Иммунопрофилактиканы ұйымдастыру және жүргізу;
  14. «Мақсатты топтағы халыққа профилактикалық медициналық қаралулар жүргізу Ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 10 қарашадағы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің м.а. бұйрығына сәйкес профилактикалық және скринингтік бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз ету (әрі қарай - №685 бұйрық) (нормативтік құқықтық мемлекеттік тіркеу реестрінде №5918 тіркелген);
  15. №630 Бұйрығына сәйкес тіркелген халыққа психологиялық көмек және арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету.

Сіздер Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау Қызметіне сенім телефоны 50-16-23 немесе №16 н/е №31 каб. жүгіну мүмкіндіктеріңіз бар.

Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау Қызметін құру туралы  (аудит)

Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау Қызметі (аудит) «№2 қалалық емхана» ШЖҚ КМК құрылымдық бөлімшелер Ережесі.