«№ 2 қалалық емхана»
ШЖҚ КМК-нің ресми сайты

Мемлекеттік рәміздері

Телефон call center 504646

Prev Next
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж

"Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын орындауда"

 

1.   Мақсаттары

  • Кәмелетке толмағандар мен жастарды әлеуметтік қолдау және оңалту, құқық бұзушылықтың алдын алу проблемаларын кешенді шешуді қамтамасыз ету.
  • Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жастардың қоғамдық қажеттіліктерін қанағаттандыру, дене бітімі, рухани және адамгершілік дамуы үшін жағдай жасау.
  • Заматтық-адамгершілік ұстанымды қалыптастыру.

2. ЖДО негізгі тапсырмалары

  • Отбасын жоспарлау, балалар және жасөспірімдер гинекологиясы, балалар және жасөспірімдер уроандрологиясы, психологиялық көмек мәселелері бойынша мақсатты топқа емдік диагностикалық және профилактикалық көмекті қамтамасыз ету.
  • Жыныстық және эмоциялық мәдениет, саналы және қауіпсіз жыныстық мінез-құлық және т. б. дағдыларын қалыптастыру және қалыптастыру бойынша мақсатты топтарды оқыту және ақпараттық – әдістемелік материалдар, бағдарламалар дайындау  және т.б.
  • Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері және жасөспірімдермен жұмыстың құқықтық аспектілері бойынша медицина қызметкерлерін, педагогтарды, қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдерін оқыту және ақпараттандыру.
  • Басқа ЕАҰ - мен жұмыста сабақтастықты қамтамасыз ету; бейінді ЕАҰ-ға, дағдарыс орталықтарына, мамандандырылған стационарларға уақытылы консультацияға жіберу.
  • Жасөспірімдер үшін оңалту іс-шараларын жүргізу және диспансерлік бақылауды жүзеге асыру.
  • Жасөспірімдер мен жастарға әлеуметтік-құқықтық қолдау көрсетуді қамтамасыз ету.

2. ЖДО - да қызмет көрсетудің негізгі қағидаттары

  • Тегін.
  • Жасөспірімдер мен жастарға қол жетімділік, бағдарлану.
  • Құпиялылық.
  • Пациенттерге арналған көмек жынысына, ұлтына, әлеуметтік мәртебесіне және т. б. қарамастан жүргізіледі.

ЖДО-да төменгідей кабинеттер бар:

  • гинеколог кабинеті;
  • конференция және тренингтер өткізетін зал;
  • урологиялық кабинет;
  • сенім кабинеті;
  • Психолог;
  • заңгер;
  • СӨС кабинеті

ЖДО қызметі 14-29 жас аралығындағы жастардың жас санаттары бойынша көрсетіледі.

Қызметтер:

  • психолог, уролог, дерматолог, гинеколог, заңгер;
  • отбасын жоспарлау, жеке гигиена, жыныстық даму, қажетсіз жүктіліктің алдын алу және репродуктивті денсаулық (ЖЖБИ, жүктілік, аборттар, бала тууға қарсы дәрілер және т. б.) бойынша ақпарат пен ерікті кеңес беріледі, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар , АИТВ-ға кеңес беру және ерікті тестілеу;
  • ЖДО қызметкерлері үшін тренингтер мен семинарлар өткізіледі, брошюралар түрінде денсаулық туралы жалпы ақпарат таратылады.

бойынша белсенді жұмыстар жүргізіледі:

  • Студент жастар арасында салауатты өмір салты қағидаларын насихаттау және алдын алу;
  • Темекі шегудің, жұқпалы, әлеуметтік маңызды аурулардың (ЖИТС, туберкулез, алкоголизм, нашақорлық, ЖЖБИ,суицидтің) алдын алу және емдеу)
  • Репродуктивті денсаулық және қажетсіз жүктіліктің алдын алу.

3. Жастар денсаулық орталығының 2019ж. жұмыс жоспары

Іс-шараның атауы

Өткізілетін орны

Жауапты тұлғалар

 

Жыл ағымында

 

 

 

Ұлттық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының жоспарына сәйкес іс-шаралар өткізу

 

 

 

Жастар денсаулығына қатысты дүниежүзілік және халықаралық мерекелерге арналған акциялар

 

 

 

 

 

 

 

Жастар денсаулық орталығына келушілермен әңгімелесу өткізу.

 

 

 

ҚАҢТАР-АҚПАН-НАУРЫЗ

 

 

1

Емханадағы "дені сау жастар-дені сау ел" акциясы.

қаңтар

ЖДО қызметкерлері

2

"Біз істей аламыз. Мен істей аламын"тақырыбына  Дүниежүзілік онкологиялық аурулармен күрес күніне орайластырылған жоғары оқу орындарында, колледждерде, ДМ лекциялар мен тренингтер өткізу.

01.02-10.02.

ЖДО қызметкерлері (әлеуметтік қызметкерлер, психологтар, СӨС-пен  уч.қызметтері, СӨС дәрігері,)

3

Емхана,оқу орындары (ЖОО,Оооо,колледждер,мектептер) аумағында Халықаралық туберкулезге қарсы күрес күніне орайластырылған дәрістер өткізу, Ашық есік күні және оған орайластырылған айлық , лекциялар өткізу

24.02-24.03

ЖДО қызметкерлері (әлеуметтік қызметкерлер, психологтар, СӨС-пен  уч.қызметтері, СӨС дәрігері,)

4

"Дене белсенділігі және дұрыс тамақтану" тақырыбына дөңгелек үстелдер,дәрістер,әңгіме өткізу»

01.04-10.04

ЖДО қызметкерлері (әлеуметтік қызметкерлер, психологтар, СӨС-пен  уч.қызметтері, СӨС дәрігері,)

5

1 наурыз Алғыс айту күніне орай  мерекелік іс-шара ұйымдастыру

01.03.

Әлеуметтік қызметкерлер

психологтар

6

Дүниежүзілік темекі шегумен күрес күніне адамдар көп жиналатын орындарда (СОО, ХҚКО, демалыс парктерінде) көшпелі акциялар ұйымдастыру

01.05-31.05

ЖДО қызметкерлері (әлеуметтік қызметкерлер, психологтар, СӨС-пен  уч.қызметтері, СӨС дәрігері,)

7

Дүниежүзілік гипертониямен күрес күніне "Салауатты ұйқы, СӨС" тақырыбына денсаулық мектептерінде "Қауіпті мінез-құлықтың факторлары" сабақтарын ұйымдастыру.

13.05

ЖДО қызметкерлері (әлеуметтік қызметкерлер, психологтар, СӨС-пен  уч.қызметтері, СӨС дәрігері,)

8

"Наурыз" ұлттық мерекесіне орай студенттердің қатысуымен мерекелік іс-шара ұйымдастыру.

17.03

ҚЕ басшылары

Профилактика бөлімш. меңг.

ЖДО қызметкерлері

9

Университеттер мен колледждерде туберкулез бойынша тренингтер, дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізу.

ақпан

наурыз

ЖДО қызметкерлері (әлеуметтік қызметкерлер, психологтар, СӨС-пен  уч.қызметтері, СӨС дәрігері,)

 

Сәуір-мамыр-маусым

 

 

10

ЖОО мен колледждерде "Туберкулез емделеді!" тақырыбына санитарлық-ағартушылық жұмыстар өткізу

Сәуір

Мамыр

ЖДО қызметкерлері (әлеуметтік қызметкерлер, психологтар, СӨС-пен  уч.қызметтері, СӨС дәрігері,эпидемиолог-дәрігер, инфекционист-дәрігер)

11

Жоғары оқу орындары мен колледждерде, ЖДО кабинетінде "ЖИТС /АИТВ және ЖЖБИ" тақырыбына санитариялық-ағарту жұмысын жүргізу

Сәуір

Мамыр

ЖДО қызметкерлері (әлеуметтік қызметкерлер, психологтар, СӨС-пен  уч.қызметтері, СӨС дәрігері,)

12

Медициналық қызметкерлердің қатысуымен Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған Ашық есік күні.

05.04.

ЖДО қызметкерлері (әлеуметтік қызметкерлер, психологтар, СӨС-пен  уч.қызметтері, СӨС дәрігері,басқа мамандар, психологтар, гинеколог)

13

Отбасы күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастыру.

15.04

ЖДО қызметкерлері

14

Жастар көп жиналатын жерлерде мінез-құлықтық қауіп факторларының алдын алуға бағытталған пікір-талас, сауалнама жүргізу.

24.05

ЖДО қызметкерлері

15

Дүниежүзілік темекісіз күніне арналған кең ауқымды акция өткізу.

30.05

ЖДО қызметкерлері (әлеуметтік қызметкерлер, психологтар, гинеколог)

16

Емханада Дүниежүзілік темекісіз күніне арналған флешмоб ұйымдастыру.

31.05

ЖДО қызметкерлері

17

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне айлықты өткізу (көшпелі акциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер).

01.06-01.07.

Әлеуметтік қызметкерлер, психологтар

 

Шілде-тамыз-қыркүйек

 

 

18

Дүниежүзілік гепатитке қарсы күрес күніне көшпелі акциялар, Ашық есік күндерін ұйымдастыру.

24.07-22.08

ЖДО қызметкерлері (әлеуметтік қызметкерлер, психологтар, СӨС-пен  уч.қызметтері, СӨС дәрігері,эпидемиолог-дәрігер, инфекционист-дәрігер)

19

Халықаралық Жастар күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастыру.

12.08

ЖДО қызметкерлері

20

Адамдар көп жиналатын жерлерде (СОО, ХҚКО, демалыс саябақтары) медицина қызметкерлерінің қатысуымен Дүниежүзілік алғашқы медициналық көмек көрсету күніне акция ұйымдастыру.

13.09

ЖДО қызметкерлері (әлеуметтік қызметкерлер, психологтар, СӨСм/б)

21

"Қажетсіз жүктіліктің алдын алу"тақырыбында бірінші курс қыздары арасында сұрақтар кешін ұйымдастыру.

17.09

ЖДО қызметкерлері

22

Жоғары оқу орындарында, колледждерде Дүниежүзілік контрацепция күніне "репродуктивті денсаулық және қажетсіз жүктіліктің алдын алу" тақырыбына дәріс, семинарлар өткізу.

20.09

ЖДО қызметкерлері (әлеуметтік қызметкерлер, психологтар, гинеколог)

23

Дүниежүзілік контрацепция күніне арналған Акция.

26.09

ЖДО қызметкерлері

24

Дүниежүзілік жүрек күніне орай Ашық есік күнін ұйымдастыру.

29.09

ЖДО қызметкерлері (әлеуметтік қызметкерлер, психологтар, СӨС дәрігері, СӨС м/б

 

Қазан-қараша-желтоқсан

 

 

25

Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай "Психикалық денсаулықсыз- Денсаулық жоқ» тақырыбында тренингтер, дәрістер өткізу.

10.10

ЖДО қызметкерлері (әлеуметтік қызметкерлер, психологтар)

26

Жоғары оқу орындары мен колледждерде, ЖДО кабинетінде Дүниежүзілік қол жуу күніне орай "Қол жуу техникасы!"тақырыбына санитариялық-ағарту жұмысын жүргізу .

15.10

ЖДО қызметкерлері

27

Дүниежүзілік инсультпен күрес күніне Ашық есік күнін ұйымдастыру.

29.10

Әлеуметтік қызметкерлер, психологтар

28

Жоғары оқу орындарында, колледждерде Дүниежүзілік диабетпен күрес күніне "Қантты өлше" тақырыбына дәріс, семинарлар өткізу.

19.11

ЖДО қызметкерлері

29

Темекі шегуден бас тарту күніне алдын алу бойынша айлық өткізу (көшпелі акциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер)

21.11

ЖДО қызметкерлері (әлеуметтік қызметкерлер, психологтар, СӨС дәрігері, СӨС м/б

30

Дүниежүзілік ЖИТС - ке қарсы күрес күніне арналған "Қызыл лента» тақырыбына тренингтер, дәрістер өткізу

01.12

ЖДО қызметкерлері

 

Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің меңгерушісі- Нүркеев Р.А.